• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қыркүйек, 2017

Дінаралық үнқатысуды нығайтуға ниетті

280 рет
көрсетілді

Афинада еліміздің Грек Республикасындағы елшісі Алексей Волковтың грек православие шіркеуінің Архиепископы Иероним ΙΙ-мен кездесуі өтті, деп хабарлады Қазақстанның Грекиядағы елшілігі.

Жылы жүздесу барысында Алексей Волков дін басшысына 130 этнос пен түрлі дін конфессиялары бейбіт пен келісімде ғұмыр кешетін Қазақстан соңғы 25 жыл ішінде экономикасы қарқынды дамып келе жатқан дербес мемлекетке айналғанын атап өтті. Қазақстан өкілі елі­міз­де исламнан басқа правосла­вие дінінің кең тарағанын айтты. Бұл орайда, ол Қазақстан қоға­мының өмірінде дәстүрлі конфес­сиялардың, атап айтқанда ислам мен православиенің атқаратын ерекше рөлдеріне тоқталды. 

Алексей Волков православие дінінің Қазақстан мен Грекия арасындағы достық пен бірігудің факторы екеніне назар аударды. Осы контексте, қазақстандық дип­ломат екі мемлекет арасында дос­тық көпірі саналатын елімізде өмір сүретін көпсанды грек диас­по­расының маңыздылығын сөз етті.  

Саяси мәселелер мен Қа­зақ­­стан­ның халықаралық бастамаларын талқылау барысында, елші мемлекетіміздің кон­фессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтау және де Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жаһан шеңберінде дінаралық диалогты алға тартудағы жеке үлесіне ерекше мән берді. Осы орайда, А.Волков Архиепископ Иероним II-ні Қазақстанда құрылған диалог алаңы – Әлем­дік және дәстүрлі діндер лидер­лерінің кезекті съезіне атсалысуға шақырды.

Өз кезегінде, Архиепископ Иероним ΙΙ Қазақстан елшісін берілген ақпарат пен елдеріміз арасында достықты нығайту бағытында қосып келе жатқан үлесі үшін шынайы алғысын білдірді. Ол Қазақстанның дінаралық диалогты дамытудағы тәжірибесін мұқият зерттеуге ниетін білдіре отыра, 2018 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті VI съезіне қатысатынын жеткізді.