• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қыркүйек, 2017

АИТВ-ның алдын алатын антидене жасалды

812 рет
көрсетілді

Ғалымдар АИТВ-ға 99% қарсы тұрып, оның таралуына жол бермейтін антидене ойлап тапты, деп хабарлайды ВВС. 

Ғалымдардың айтуынша, антидене вирустың қорғанысын әлсіретіп, оның таралуына жол бермейді. Аталған зерттеуд3 АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институты мен Sanofi фармоцевтикалық компаниясы жүргізген. Ал Халықаралық көмек қауымдастығының айтуынша, антидененің инфекцияны емдеу немесе алдын алу мүмкіндіктері 2018 жылдан бастап зерттелетін болады. Яғни, келесі жылы адамдарға клиникалық тестілу жұмыстары басталады. 

Science журналында жарияланған мақалада зерттеушілер АИТВ-ның алдын алуға немесе емдеуге вирусты әлсірететін антидене қолдануға болатынын айтқан. Ғалымдар дәл осындай үш түрлі антиденені біріктіріп қуатты триспецификалық антидене шығарған. Sanofi компаниясының бас ғылыми қызметкері доктор Гари Набельменнің айтуынша, бұл антидене жасанды жолмен жасалса да, табиғи антиденеге қарағанда анағұрлым тиімді екен. 

24 маймылға жүргізілген зерттеу жұмыстарына Гарвард медицина мектебі, Скриппс ғылыми зерттеу институты мен Массачусетс технологиялық институты да атсалысқан.