Қазақстан Республикасы мен Нигер Республикасы дипломатиялық қатынастар орнатты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тиісті бірлескен коммюникеге екі елдің сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Ибрагим Якубу Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында қол қойды.
Нигер Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 183-ші мемлекеті болды.