• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қыркүйек, 2017

Асқар Мамин Беларусь Республикасының вице-премьерімен кездесті

370 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Мамин мен Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары В.Матюшевский Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өткізілді.

А.Мамин бастаған жұмыс тобы түске дейін ескі автокөліктерді өңдейтін «ResyclingCompany» ЖШС-де, «Қарағанды фармацептикалық кешені» ЖШС-де болып, аймақ тынысымен танысты. 

Түс ауа сапарға қатысушылар «КазБелаз» ЖШС-де және «Maker КЛМЗ» ЖШС-де болып, бұдан әрі «Достық үйінде» Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының Пленарлық отырысы, осы 13-ші отырыстың Хаттамасына қол қою рәсімі, БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслиxаты өтті. 

Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар