• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қыркүйек, 2017

Өскемендіктер Айбек Нұғымаровты әуежайдан қарсы алды

232 рет
көрсетілді

Бүгін жақында ғана «Әлем Барысы» атанған, осыдан бірнеше күн бұрын Ашхабадта өтіп жатқан Азия ойындарында қазақ күресінен алтыннан алқа таққан абайлық атақты балуан Айбек Нұғымаровты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов бастаған, Руслан Сейілханов сынды танымал спортшылар қостаған, бір топ өскемендіктер әуежайдан қарсы алды.

«Азия ойындарына тұңғыш рет енген ұлтымыздың төл өнері – қазақ күресінен өткен дүбірлі додаға қатысып қана қоймай, алтын жүлдегер атанғаныма өте қуаныштымын. «Кіші Олимпиада» саналатын Азия ойындарына қазақ күресінің енуі тарихи оқиға. Ұлттық спортымыздың қаншалықты дәрежеге көтерілгендігінің айғағы. Жарысқа келсек, қарсыластарымның ешқайсысы осал болған жоқ. Жеребе бойынша белдестік. Әуелі тәжікпен күрестім, одан кейін жеребе екі түрікменге қатарынан түсті. Олармен өткен белдесу мен үшін кішкене ауырлау болды. Қанша дегенмен өз жерлерінде өтіп жатыр ғой. Кейбір ұпайларымды есептемей қойған тұстары да болды. Бірақ мен таза жеңіске жеттім. Финалда қырғыз балуанымен сайысқа түсіп, басымдығымды танытып, көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды әуелеттім. Қазан айында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді. Енді сол жарысқа әзірлікті бастаймын», дейді Азия ойындарының чемпионы.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Суреттерді түсірген

Мәнап МҰРЗАТАЕВ