• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қыркүйек, 2017

Қарағандыда латын әліпбиінде жазылған тарихи құжаттардың көрмесі өтті

213 рет
көрсетілді

Қарағандыда ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында латын әліпбиімен жазылған тарихи-деректі құжаттардың көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмені Қарағанды облыстық мемлекеттік архивінің қорындағы құжаттар негізінде «Болашақ» академиясы ұйымдастырды. Оған өткен ғасырда латын графикасымен басылып шыққан құжаттар, газет-журналдар қойылды, сондай-ақ  «Рухани жаңғыру» жобасына арналған жеке бұрыш ұйымдастырылды.

Көрме «Болашақ» академиясы студенттерінің және профессор-оқытушылар құрамының үлкен қызығушылығын тудырды. Облыстық архив өкілі Жазира Акижанова 1929 жылға дейін қазақ тілінің латын графикасын қолдану тарихы жөнінде баяндап берді. Сонымен қатар, іс-шара барысында «Болашақ» академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Құрманғазы Сембиев пен заң ғылымдарының кандидаты Елеужан Серімов аталған тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, жан-жақты түсінік берді.