• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қыркүйек, 2017

Астанада «Сау жүрек – басты байлық» ұранымен акция өтеді

228 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада дүниежүзілік жүрек күні шеңберінде «Сау жүрек – басты байлық» ұранымен акция өтеді. 

Акция мақсаты  — салауатты өмір салтын жүргізуге халықты уәждемелеу, скринингтік тексеруден уақытылы өту қажеттілігі туралы азаматтарды ақпараттандыру, алуан түрлі қоғамдық институт өкілдерінің қан айналысы жүйесін аурудан сақтандыру бойынша жұмысқа тарту. Бұл жұмыс жүрек-тамыр ауруларының ауыртпалығын төмендетуге бағытталған. «Хан Шатыр» ОССО-да акция шеңберінде кардиолог, невропатолог, экдокринолог, нутрициолог, ЕДШК дәрігері қабылдайтын «Денсаулық қалашығы» есіктері ашылады.

Сондай-ақ, мұнда келушілер артерия қысымын өлшей алады, қандағы глюкоза және холестерин деңгейін анықтай алады, дене массасының индексін біле алады.Сондай-ақ, тәжірибелі мамандар қонақтарға артерия гипертониясы, инфарктің алғашқы белгілері туралы әңгімелеп береді, АҚ  дұрыс өлшеуді үйрететін болады.

Осы іс-шараның ұйымдастырушылары елордалық Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті, ҚР ДСМ ДСҚК.

Өткізу орны: «Хан Шатыр» ОССО, сағат 15:00-ден 18:00 дейін.