• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қыркүйек, 2017

Қазақстан Таяу Шығыс жағдайы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жиынына қатысты

774 рет
көрсетілді

Қазақстан делегациясы Палестина мен Таяу Шығыс жағдайы жөнінде өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің консультациясына қатысты.

 

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жиын барысында БҰҰ-ның бейбітшілік жөніндегі арнайы координаторы Николай Младеновтің брифингі тыңдалды.

Брифингтің ашық бөлімінде сөз сөйлеген Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров тараптарды шиеленісті бейбіт түрде, әділ әрі халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып реттеуге шақырды.

Ол өз мәлімдемесінде Израиль мен Палестинаның көшбасшылары екі елдің бейбіт түрде қатар өмір сүруін сақтап қалу мақсатында нақты қадамдар қабылдауы тиіс екендігін айтты.

Қазақстан палестиналық және израильдық тарапты бейбіт қарым-қатынас, қауіпсіздік пен даму жолындағы «екі ел халық үшін» қағидаты негізінде тарихи бейбіт келісім жетістігін саяси ерік негізінде көрсетуге шақырды.

Қазақстандық делегация «Таяу Шығыс төрттігі» (Еуропа Одағы, Америка Құрама Штаттары, Ресей және Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдері) жұмысын қайта жандандыруды ұсынды. Сонымен бірге халықаралық ұйым назарын Газа секторындағы жағдайға аударды. Қазақстан аталған мәселені шешу барысында АҚШ, Ресей, Египет тарапынан жасалған дипломатиялық әрекеттерін мақұлдады.