Астанада 1 қазаннан бастап Бірыңғай такси қызметінің халықаралық әуежайдан қаланың ортаңғы бөлігіне жеткізу бағасы арзандайтын болады, деп хабарлайды медиа орталығы.
Астана қаласының тасымалдаушылары қауымдастығының төрағасы Медет Құрмановтың айтуынша, «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайынан шыққаннан кейінгі алғашқы үш шақырым 1000 теңгені құрайтын болады. Одан кейін әрі әр шақырым сайын 100 теңгеден үстеп отырады.
Қала бойынша ең төменгі тариф - 500, ал «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан 700 теңге. «Жолаушыларға көрсететін қызметтің сапасын жақсарту мақсатында бірыңғай нөмірі бар чат-тобы іске қосылмақ.
«Astana Taxi» бірыңғай такси қызметінің жұмысына қатысты өтініш білдіріп, шағым айтқысы келген жолаушылар 8-700-555-76-07 нөміріне тікелей жаза алады», - деді қалалық жолаушылар қауымдастығының атарушы директоры Сәкен Ханхожин.