• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Футбол 29 Қыркүйек, 2017

Еуропа лигасы: «Астана» чехиялық «Славиямен» тең түсті

337 рет
көрсетілді

Еуропа лигасының топтық кезеңінің екінші турында елордалық «Астана» өз алаңында чехиялық «Славиямен» ойнап, тең нәтижеге қол жеткізді. 

«А» тобындағы екі клубтың ойыны 28 қыркүйек күні Астанада өтті. Кездесу  1:1 есебімен аяқталды.

Екі гол да бірінші таймда салынды. 18 минутта «Славия» қорғаушысы Майкл Нгадеу-Нгаджуи гол соғып, командасын алға шығарды. «Астана» бірінші таймның соңында есепті теңестірді. 43 минутта «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов есепті теңестірді.

Екінші таймда екі команда бірде-бір гол сала алмады. Осылайша «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ұпайын иеленді.