• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қыркүйек, 2017

Атырауда халықаралық ақындар айтысы өтіп жатыр

367 рет
көрсетілді

Кеше Атырауда “Қайта жаңғырған Қазақстан” атты ақындар айтысы басталды, – деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі. Сайысқа тек қазақстандық сөз шеберлері емес, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерін келген 20 өнерпаз түсіп жатыр.

Айтыс ақындардың өнеріне Асанәлі Әшімов, Несіпбек Айтұлы, Есенғали Раушанов, Мереке Құлкенов, Бауыржан Халиолла, Алтынбек Қоразбаев, Светқали Нұржан сынды елге белгілі құрметті азаматтар қазылық етуде.

Айтысты тамашалауға облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өзі келіп, ақындарға сәттілік тіледі.

“Бұл айтысты бауырлас азаматтардың арасындағы қарым-қатынасты жандандыра түсетін шара деп ойлаймыз. Атырау жеріне қош келдіңіздер!”, – деді Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысы, сонымен қатар, төл өнерге жанашырлық танытып жүрген Жүрсін Ерманға, жергілікті және алыстан келген ақындар мен қазылар алқасына ризашылығын білдіріп, шараның Елбасының “Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар” бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтіп жатқанын айтты. 

Айта кетелік, ақындар айтысының қорытындысы бүгін, 29 қыркүйек күні белгілі болады.

Суретті түсірген Ерлан Алтыбаев