Falcon ғарыш зымырандарымен және Tesla электр көліктерімен әлемге әйгілі Илон Маск жолаушыларды Нью-Йорктан Шанхайға 39 минутта жеткізе алатын көлік түрін ұсынды.
SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Аделаида қаласында (Австралия) өтіп жатқан Халықаралық астронавтикалық конгресте Жер бетіндегі бір-бірінен шалғайда жатқан қалалар арасында үлкен жылдамдықта қатынайтын көлік жүйесінің концепциясын таныстырды. Ол оны қайта оралатын зымырандар мен ғарыш кемелерінің көмегімен жүзеге асырғысы келеді. Мұндай көлік ретінде ол Марсқа ұшуға арналған BFR (Big Falcon Rocket – Үлкен сұңқар зымыран) зымыранын ұсынып отыр.
Маск көрсеткен видео-презентацияда жолаушыға толы зымыранның Нью-Йорктан Шанхайға 39 минутта, Гонконгтан Сингапурге 22 минутта, Лос Анджелестен Торонтаға 24 минутта, Лондоннан Нью-Йоркке 29 минутта жете алатындығы көрсетілген. Алыс қашықтықты осыншалықты аз уақытта жүріп өту үшін зымырандар сағатына 27 000 шақырымға дейінгі жылдамдықпен қозғалмақ.
Қазіргі таңда жолаушы ұшағы Нью-Йорк пен Лондон арасында 8 сағат (5 540 шақырым), Шанхай мен Нью-Йорк арасында 15 сағат 30 минут (11 857 шақырым) ұшады.
Илон Масктің жобасы сәтті жүзеге асса жолаушы тасымалында революциялық жаңалық болмақ.
Бір қызығы, Маск зымыранмен ұшу құны кәдімгі ұшақтың эконом санатының билетінен қымбат болмайды дейді.
Сондай-ақ, Маск SpaceX компаниясы 2022 жылға дейін Марсқа кемі екі жүк кемесін жіберетінін айтты. Екі жылдан соң, яғни 2024 жылы қызыл ғаламшарға алғашқы адамдар бармақ. Олар Марста ұзақ мерзімде қалуға мүмкіндік беретін база салмақ.
Supporting the creation of a permanent, self-sustaining human presence on Mars. https://t.co/kCtBLPbSg8 pic.twitter.com/ra6hKsrOcG
— SpaceX (@SpaceX) 29 сентября 2017 г.
BFR зымыраны ғарыш кемелерін Халықаралық ғарыш станциясына және Жер серігі Айға да жеткізе алатын қабілетке ие болмақ.
BFR is capable of transporting satellites to orbit, crew and cargo to the @Space_Station and completing missions to the Moon and Mars. pic.twitter.com/p9staho4VZ
— SpaceX (@SpaceX) 29 сентября 2017 г.BBC тілшісі Джонатан Амостың ойынша, BFR салмағы әлі де болса ауыр болғанымен, сыртқы өлшемдері аздап кішірейген. Нақтырақ айтқанда, биіктігі 106 метр де, ені немесе қалыңдығы 9 метр.
Зымыранның алдыңғы нұсқамен негізгі айырмашылығы оның құнында.
"Біз жобаны қалай қаржыландырудың жолын тапқан секілдіміз. Бұл өте маңызды", дейді Илон Маск.
Қаражат мәселесін шешу үшін америкалық инженер компанияның бүкіл назарын бір жүйені дамытуға бағыттап, кейін сол жүйе арқылы клиенттердің барлық сұраныстарын қанағаттандыруды ойлап отыр. Масктың айтпағы Жер бетіндегі сапарға да, Ай мен Марсқа ұшуға да бір зымыран мен бір кеме жасау деп түсінуге де болады.