• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қыркүйек, 2017

Атырау облысындағы Жанбай ауылында полиция бөлімшесі ашылды

1161 рет
көрсетілді

Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай ауылында поселкелік полиция бөлімшесі ашылды. Жаңа нысанда 13 тәртіп  сақшысы қызмет ететін болады.

Полиция бөлімшесінің ашылу салтанатына Атырау ОІІД бастығы полиция полковнигі Аян Дүйсембаев, Исатай ауданының әкімі Марат Мұрзиев қатысты. Департамент бастығы өз сөзінде шалғай ауылдардағы халықтың өтініштерін қарау үшін мейлінше жағдай жасалып жатқанын айтты.

«Жаңа бөлімше құрылысы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қолдауымен және ҚР ІІМ полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың келісімімен жүзеге асты. Мұндағы тәртіп сақшылары жақын маңдардағы Жанбай, Забурын, Нарын, Исатай елді мекендерінің халқына қызмет көрсетеді. Жалпылай алғанда бұл елді мекендердегі 8500 ге жуық тұрғын бұрын өз өтініштерін айту үшін аудан орталығына қатынайтын. Қазір барлық түйіткілдер жергілікті жерде шешілетін болады»,- деді департамент бастығы. Ал аудан әкімі Марат Мұрзиев Аққыстау селосында полицияның тірек пунктін салу жоспарланғанын жеткізді.

Салтанатты шара барысында департамент бастығы полиция бөлімшесіне 3 Нива маркалы қызметтік көліктің кілтін табыс етті. 

Бақытгүл Бабаш,

"Егемен Қазақстан"