Астанада жыл басынан бері 49 оқыс оқиға орын алып, салдарынан 16 адам қаза тапты, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Барлық қайғылы жағдайлар бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп, кінәлі тұлғалар анықталды, атап айтқанда, ЖШС директорлары, техникалық қауіпсіздікке жауапты бас инженерлер мен учаске басшылары процессуалдық шешімдер шығару үшін Астана қаласының ІІД-не жіберілді.
2017 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша еңбек инспекторларымен мекемелерде республиканың еңбек заңнамаларының сақталуына қатысты 578 тексеру жүргізілді, 620 бұзушылық анықталды. Бұзушылықтарды жою туралы 383 ұйғарым берілді.
Сондай-ақ Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 31 856 760 теңге сомасында 193 лауазымды және заңды тұлға тартылды.