• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қазан, 2017

Қазақстанда алғашқы жасанды Жер серігінің ұшырылғанына 60 жыл

4514 рет
көрсетілді

Қазақстанда алғашқы жасанды Жер серігі ұшырылуының 60 жылдығын тойлауда. 1957 жылы 4-қазанда, осыдан тура 60 жыл бұрын жердің алғашқы жасанды жер серігі ұшырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш  өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.  

Қазақстан үшін бұл оқиғаның маңызы өте зор. Себебі, қазақ жерінен – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыштық дәуірдің басталуына даңғыл жол ашылды. Осы мерейлі датаға орай ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов байқоңырлықтарды айтулы мерекемен құттықтап, «Байқоңыр» кешенін салуға және оның ары қарай жұмыс істеуіне атсалысқан барлық мамандар жұмысының елеулі екенін жеткізді. 

Салтанатты шара барысында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі атынан «Байқоңыр» кешенін дамытуға үлес қосқаны үшін және Жердің алғашқы жасанды жер серігінің ұшырылуына 60 жыл толуына орай Роскосмос және Қазғарыш өкілдеріне, Байқоңыр қаласы әкімшілігі мен Қызылорда облысы әкімдігінің қызметкерлеріне, сондай-ақ еңбек сіңірген ардагерлер мен БАҚ өкілдеріне құрмет грамоталары табысталды. 

Күннің бірінші жартысында Қазғарыш басшылары мерекелік митингке қатысып, Жердің алғашқы жасанды жер серігінің ұшырылу құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. 

Сонымен бірге ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрамы, оның ішінде Вице-министр Марат Нұрғожин мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ» АҚ-ның Вице-президенті, Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов Мәскеуге шақыртылып, 60 жылдыққа орай өткізілген мерекелік шараға қатысты.