• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қазан, 2017

Асқар Шәкіров: Егде адамдарға ерекше қамқорлық қажет

553 рет
көрсетілді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров егде тартқан адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстарды негізге ала отырып, Үкіметке үндеу жолдады. Онда аталған санаттағы азаматтарға қажетті мәселелер нақты көрсетілген.

 

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Қазіргі кезде аға буын өкілдерінің құ­қық­тарын қорғау мәселелері жаһандық деңгейде жиі-жиі күн тәртібіне шыға­рылып жүр. Мәселен, БҰҰ Бас Ассам­блеясының қарарына сәйкес құрылған ашық құрамды жұмыс тобы тиісті халықаралық конвенцияны әзірлеуді қарастыру үстінде.

Омбудсменнің үндеуінде Үкіметтің аға­ буын өкілдерінің өмір сүру сапасын жақсарту, олардың қоғамдық өмір­дің барлық салаларына толыққанды қаты­суына жағдай жасау бойынша атқарып жатқан шараларының маңыздылығы, Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес зейнетақылар 20%-ға арт­­ты­рылғаны, бұл әлеуметтік саясат саласында қабылданған шаралар, та­бысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесін 2,5 есе азайтуға мүмкіндік беретіні атап көрсетілген. Дегенмен Омбудсмен атына келіп түскен шағымдардың талдамасы және мониторинг жұмысының нәтижесі ег­де жастағы адамдар құқықтарын қам­тамасыз етуге кедергі келтіретін кейбір мәселелердің бар екенін нақты көрсетіп бер­ген.

Үндеуде ең алдымен, осы санаттағы азаматтардың өз құқықтарын жүзеге асыру кезінде тәуелсіз құқықтық мәртебесін айқындайтын, реттейтін бірыңғай, жүйелендірілген құжаттың жоқтығына назар аударылған. Осындай құжаттың болуы, мысалы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген балалар, әйелдер, әскери қызметшілердің құқықтарына ұқсас, егде жастағы адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге негіз бола ала­ды.

Сонымен қатар Омбудсмен медицина қызметкерлерінің созылмалы аурулары бар егде жастағы науқастарға тиісті медициналық көмек көрсетуден бас тарту жағдайына, сондай-ақ емханаларда гериатриялық бөлімшелердің және білікті мамандардың жетіспеушілігіне назар аударған. Бұдан басқа еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде ауылдық жерлерде егде адамдарға ге­риа­триялық және геронтологиялық кө­мек көрсету мүмкіндігін қарастыру ұсы­нылған.

Осы арада айта кетейік, көптеген қарт адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бо­йын­ша дәрілік заттардың тізіміне ен­гізілмеген қажетті дәрі-дәрмектер өзекті болып табылады. Осыған байланысты, егде жастағы адамдардың ауруларын ескеру үшін осы тізімді қайта қарау ұсынылды. Сондай-ақ үндеуде еліміздің бірқатар облыстарында әлеуметтік дә­ріханалар жұмыс істейтіні, онда әлеу­меттік осал санаттағы азаматтар дәрі-дәр­мектерді төмен бағамен сатып ала алатыны, бірақ көптеген ауылдар мұндай дәріханалармен қамтылмағаны айтылған.

Сондай-ақ Омбудсмен еліміздің өңірлерінде санаториялық-курорттық емдеудің тәртібі әртүрлі екеніне назар аударған. Атап айтқанда, кейбір облыстарда емделудің бұл түрімен зей­неткерлік жастағы барлық адамдар қамтылса, ал бірқатар аймақтарда бұл­ игілік Ұлы Отан соғысына қа­тысу­шыларға, оларға теңестірілген тұл­ғаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шек­теулі адамдарға ғана қаралған. Осыған байланысты үндеуде еліміздің өңірлерінде аталған қызметтердің аға ұрпақ өкіл­деріне тең дәрежеде қол­жетімді болуын­ қамтамасыз ету мәселесі қозғалған. Бұдан бөлек, осы топтағы азаматтарға медициналық, әлеуметтік, мәдени, көлік, қаржы қызмет­те­рі­не қолжетімділікті қамтамасыз ету­ мақ­сатында еліміздің барлық өңір­лерінде, әсі­ресе ауылдарда егде адам­дардың жағдайын мұқият зерделеу қажеттігі атап өтілген.

Тағы бір айта кетер жайт, егде жастағы көптеген адамдардың зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін қоғам өміріне белсене араласуы, олардың әлеуметтік мәртебесін, экономикалық тәуелсіздігін сақтау және жинақталған интеллектуалды әлеуетін және кәсіби тәжірибесін жү­зеге асыруға мүмкіндік беру аса маңызды. Осыған қатысты Омбудсмен еңбек заңнамасында аталған санаттағы азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу тетіктерінің жоқтығына, зей­неткерлік жасқа жеткен және жұ­мыс істегісі келетіндердің кәсіби бағ­дар­лануына көңіл аударған. Осы орай­да үндеуде зейнеткерлік жастағы адам­дардың жұмыс тәжірибесі мен интеллектуалды әлеуетін ескере отырып, олар­­ды жұмысқа орналастыру тетіктерін әзірлеуді ұсынған.

Ақпараттық-телекоммуникациялық­­­­­­­­ тех­нологиялар­дың және ци­фр­лан­­­ды­ру бағытының дамуына бай­ла­ныс­­ты, егде жастағы аза­маттардың ком­пью­­­терлік сауатты­лығын көтерген жөн.­ Өйткені олар үшін заманауи ақ­­­па­раттық технологияларды қол­да­ну қажет. Осы орайда егде жас­та­ғы адам­дар үшін арнайы оқу курс­­та­рын ұйымдастыру бойынша Ас­тана, Ал­ма­ты қалалары мен Шығыс Қазақ­стан облысындағы ҮЕҰ тәжіри­бесінің назар­ға алынғаны абзал.

Үндеуде кейбір азаматтардың өзде­рінің егде жастағы ата-аналарын қарт­тар үйіне апарып тастауына қа­тыс­ты алаңдаушылық білдірілген. Кө­бінесе тұрмысы жақсы, қаржылық жағ­дайы тұрақты балалары бар егде адамдар қартайған шағында өз қамын өзі ой­лау­ға немесе жоғарыда көрсетілген мекемелерде тұруға мәжбүр болады.­ Конституцияның 27-бабы, «Неке (ер­лі-зайыптылық) және отбасы туралы»­ Кодекстің 145-бабына сәйкес кәмелетке тол­ған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқор­лық жасауға міндетті.

Қорыта айтқанда, барлық қазақ­стан­дықтардың, соның ішінде егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсету Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалармен сәйкес келеді.

 

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»