Минск (Беларусь) қаласында Дүниежүзілік қазақ күрес федерациясының (WFKK) ұйымдастыруымен қазақ күресінен жетінші әлем чемпионаты өтті.
Төртқұрлықтың 38 елінен келген балуандар арасында Жақсылық Мұсырманов (60 кг, Қазақстан), Ерлан Омаров (90 кг, Қазақстан), Талғат Əмренов (+90 кг, Қазақстан) жеңімпаз атанса, құрама сапындағы Нұрғали Тұрсынғажиев (70 кило) қола жүлдеге ие болды. Ал Али Тұрсынов (70 кг, Ресей), Хамроз Ражабов (80 кг, Тəжікстан) және абсолютті салмақта Александр Вахабиак (Беларусь) əлем чемпионы болды.
Сонымен қатар бұл чемпионат тарихта тұңғыш рет əйелдер арасында өтуімен де ерекше болды. Отандасымыз Алтынай Хаби (70 кг, Қазақстан) мен Отгон Мунхцэцэг (+70 кг, Моңғолия) қазақ күресінен əйелдер арасында тұңғыш əлем чемпиондары атанды.
Айта кетейiк, 27-29 қазан аралығында Астанада жаңадан құрылған Халықаралық қазақ күресі федерациясының (IFKK) ұйымдастыруымен қазақ күресінен тағы бip əлем чемпионаты өтеді.