• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 10 Қазан, 2017

Бозымбаев Үкімет басшысының бүгінгі шешіміне пікірін білдірді

342 рет
көрсетілді

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Премьер-Министр тарапынан бензинге қатысты айтылған сынға пікір білдірді.

«Мен жоғарғы басшылықтың шешімін талқыламаймын. Ол өз құзыретіндегі шараны қолданды. Талқылайын деген ойым жоқ. Мен презентация жасап, бұл жағдайдан қалай шығу үшін не істеу керектігін көрсеттім. Бензин бағасының өзгеруіне байланысты әр түрлі жанармай бекеттері әр түрлі баға қояды. Біреулер шын пейілмен сатып жатты, ал біреулер ұстап тұрды», деді Энергетика министрі.

«Егер мен мұнай тапшылығы жоқ десем, яғни мұнай базаларында әлі де қалдықтардың барын айтқан едім. Қалдықтар көбейіп жатыр. Мен әр әкімге жанармай бекеттерінде мұнайдың бағасын өсетінін күтпей, ұстап тұруын қойсын деп ескерттім. Бұған жол жоқ, жауапкершілік болады", деді ол.

Энергетика министрі неліктен бұл жағдайды бензин тапшылығы жоқ деп санайтынын түсіндірді.

«Жанармай бекеттері қалдықтарын ұстап, бағаның өсуін күтіп отыр. Бұл қиын жағдай, шыдамдылық керек, бағаны да түсіру қажет. Қарашада бензин екі есе көп болады», деді Қанат Бозымбаев.

«Мен министрмін. Ендігі тағдырым Президенттің қолында. Ол не айтса, сол болады», деді министр.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол вице-министр Әсет Мағауовты қызметінен босату туралы шешім қабылдады.