• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 10 Қазан, 2017

Назарбаев құқық қорғау қызметіне қатысты заң жобасын Мәжілістің қарауына енгізді

240 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Заң жобасы Қылмыстық-процестік кодекске, «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарға түзетулер енгізуді көздейді. Олар тұтастай алғанда:

- азаматтардың қылмыстық процесте қорғалу деңгейiн арттыруға және оның жазалау сипатын төмендетуге;

- адвокаттардың процессуалдық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қылмыстық процестің жарыспалылығын арттыруға;

- қылмыстық істерді тергеу тәртібін жеңілдетуге және қылмыстық процестің үнемді болуын қамтамасыз етуге;

- сотқа дейiнгі сатыда сот бақылауын одан әрі күшейтуге;

- сотқа дейінгі тергеу органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктерді нақты ажыратуға және олардың қайталануын болдырмауға бағытталған.