Алакөл мен Бұқтырма су қоймасы жағалауларындағы жерлер сатылмайды, деп хабарлайды egemen.kz тілшісі.
«Облыс әкімі алдағы жазғы маусымға дейін көлік қатынасына қатысты мәселесі түбегейлі шешуді тапсырды. Нәтижесінде автокөлік жолдары жөнделеді, Өскемен-Шар-Жалаңашкөл стансасы бағытында теміржол бағдары іске қосылады» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Туристік кластер шоғырланған Алакөл мен Бұқтырма су қоймасын дамытуға арналған кешенді бағдарлама жасалуы керек. Және аталған екі аймақта жер сатуды тоқтату қажет», - деді Даниал Ахметов.
Облыстық мәслихат сессиясында аймақ басшысы өңір аумағындағы кейбір су қоймаларының емдік қасиетін зерттеу қажеттігін де алға тартты. Сарапшылардың алдын-ала жасаған мәліметіне жүгінсек, судың ерекше құрамының арқасында олардың 60 пайызға жуығы емдік қасиетке ие көрінеді.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН