Сочи қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр. Жиынға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысуда.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Сочиде өтіп жатқан ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесінде ұйым жұмысын бүгінгі күн талаптарына бейімдеу керектігін айтты.
- Құрметті әріптестер! Өткен жылы біз сіздермен бірге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 25 жылдығын атап өттік. Бұл бізге Достастықтың атқарған жұмыстарының қорытындысын саралауға мүмкіндік берді. ТМД-ның арқасында біздің сауда-экономикалық қатынастарымыз ілгерілеп келеді, соның ішінде еркін сауда аймағын құру туралы келісім басты элемент болғанымен келісемін. Осы уақыт аралығында біздің қол жеткізген жетістіктеріміз аз емес. Алдағы уақытта осымен шектеліп қалмауымыз керек деп санаймын. Ұйымның қызметін жетілдіріп, бүгінгі күн талаптарына бейімдеуді одан әрі жалғастыруымыз қажет,- деді.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»
Сочи