• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2017

Ақтаулық спортшы самбодан әлем чемпионы атанды

535 рет
көрсетілді

Жаттықтырушы Манарбек Бисекенов пен Сергей Волобуевтің тәрбиеленушісі Рамазан Мамаев Сербияда өтіп жатқан жастар арасындағы самбодан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды lada.kz сайты. 

Рамазан 62 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. «Жас батыр» спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекеновтің айтуынша, Рамазан бірінші белдесуде Голландиядан келген қарсыласынан басым түскен.

«Сондай-ақ болгарлық атлетпен айқасқанда жеңіске қол жеткізді. Рамазан финалға шығатын кезде бар күшін салып, тәжік спортшысын еңсерді. Ол ақтық сында Моңғолиядан келген қарсыласына бір де бір мүмкіндік бермей, әлем чемпионы атанды», - деді Манарбек Бисекенов.

Тағы бір маңғыстаулық спортшы Жалғас Қаспаев 15 қазан күні чемпионатта өнер көрсетеді.