Қырғыз Республикасының Орталық Сайлау Комиссиясының мәліметіне сай, Сооронбай Жээнбеков 911 мың 430 дауыс жинады.
Ал Омурбек Бабановқа 562 396 сайлаушы дауыс берген. Бұл деректерді Орталық автоматтандырылған есептеу құрылғыларының мәліметтеріне сүйеніп хабарлап отыр.
Үшінші орында - 107 794 ұпай жинаған Адахан Мадумаров. Төртінші болып Темир Сариев (42 715) орналасты. 12,089 сайлаушы "барлығына қарсы" дауыс берген екен.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, сайлауға 1 692 423 адам қатысқан.