• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қазан, 2017

Түркия туры: Astana Pro Team жарысты төртінші болып аяқтады

223 рет
көрсетілді

Ыстанбұлда 53-ші Президенттік Түркия туры өз мәресіне жетті, деп xабарлайды Baq.kz

10 қазан күні Түркияның Алания қаласында басталған веложарыстың соңғы кезеңі Ыстанбұлда өтті. Додаға 13 кәсіби және континентаралық команда қатысқан. 150 шақырымға созылған кезеңде Trek-Segafredo шабандозы Эдвард Тенс мәреге бірінші келді. Меттео Пелукки (Bora-Hansgrohe) жарысты екінші аяқтаса, Франческо Гавацци (Androni) үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы командалық есепте италиялық "Willer Triestina" (69:24:56) жеңіске жетсе, "UAE Ream Emirates" екінші орынды иеленді. "BORA" командасы велокөпкүндікті үшінші болып аяқтады. Ал "Астана" төртінші орын алды.

Мармарис пен Сельчук қалалары арасындағы 206 шақырымдық төртінші кезеңде көк жейдені киген "UAE Ream Emirates" шабандозы Диего Улисси жалпы есепте 26:32:15 уақытымен Түркия турын жеңді. Одан 12 секундқа артта қалған "Астана" шабандозы Йеспер Хансен екінші орын алды. "Android" сапындағы Фаусто Маснада жарысты үшінші орынмен аяқтады.