• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
28 Қазан, 2011

«Атамекен» – тәуелсіздік шежіресі

530 рет
көрсетілді

«Еліміз қайтіп күй кешсе, «Атамекен» Қазақстан кар­та­сы» да солай тыныс алуы тиіс» Н.Ә.НАЗАРБАЕВ. Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дық мерейтойына орай республика деңгейінде ұйымдасты­ры­­лып жат­қан іс-шараларға «Ата­­мекен» Қа­зақстан карта­­сы» этномемо­ри­ал­дық кешені де өзінің елеулі үлесін қосуда. Қазақстанның осы тәуелсіздік жылдарындағы асқан жетістігі мен айбынының айғағына айнал­ған Астана қаласының көз тар­тарлық жерлерінің бірі «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені Қа­­­зақстанның әлеуетін, тарихи шежіресін, мәдени ескерткіштерін, мемле­кеттің тыныс- тіршілігін әлемге паш етіп, жас ұр­пақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мақса­тын­да Қазақстан Республи­касының Президенті Нұр­сұлтан Назар­баев­тың бас­тамасымен 2001 жыл­­дың 8 қыркүйегінде аш­ыл­ған болатын. Ашық ас­пан астындағы мұра­жай деп те аталатын «Ата­мекен» Қазақстан кар­та­­­­сы» этномемори­ал­дық кешені мәдени және ағар­ту­шы­лық бағытта жұмыс жасайды. Онжылдық шежіресі бар эт­но­кешеннің Қазақстан тарихы мен мәдениетінде алатын орны ерекше. Ол бас қаламыздағы ма­ңызды мәдени-этнографиялық ор­­талықтың бірінен саналады. Сонымен қатар, мұнда халық­ара­лық және республика деңгейін­дегі форумдар, on-line конференциялар және мерекелік іс-ша­ра­лар ұйымдастырылып, ел тари­хының тұғырлы кезеңдеріне ар­налған шаралар да өткізіліп тұ­ра­ды. Жыл сайын 18 мамыр мұра­жайтанушылар күні мерекесін «Атамекенде» айрықша атап өту мәселесі дәстүрге айналған. 2008 жылдан бері мұнда «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің ди­рек­то­ры, педагогика ғылым­дары­ның докторы Ү.Мұңалбаеваның және Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі С.Әзім­ха­нованың жетекшілігімен құ­рыл­ған «Атамекен патриоттар клу­бы», яғни жасөспірімдердің қа­ла­лық қоғам­дық клубы жұмыс жасап келеді. Клубтың басты мақ­саты болашақ ұрпақтың бо­йына ұлтжандылық, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді қалыптас­тыру болып табылады. «Атамекен» Қазақстан карта­сы» этномемориалдық кешені үшін биылғы жыл өте ерекше болып саналады. Себебі, Тәуел­сіз­дігіміздің 20 жылдығымен тұс­­па-тұс келген «Атамекеннің» 10 жылдық мерейтойы айтулы оқиғалармен өрілуде. Мерейтой­ға арналған іс-шаралардың ішіндегі ең қызықты да маңыз­ды­ларының бірі Қазақстан мұра­жай­ларының арасында алғаш рет өтіп отырған «Қайсар елім, қазақ жерім – Атамекен» тақы­ры­бын­дағы on-line жүйесінде өткізілген Республикалық интеллектуалдық марофон болды. Оған Астана қаласының және еліміздің 14 облысының мұражайлары түгел­дей дерлік қатысты. Бас-аяғы біржарым сағатқа созылған ин­теллектуалдық марафонда елі­міздің әр салада қызмет атқа­ра­тын білімді де білікті азаматтары мен мұражай қызметкерлері бас қосып, төл тарихымыздан түрлі сұрақтар қойып, ойынды жан­дандыра түсті. Ұйымдастырушы Астана қаласы командасының құ­рамында «Атамекен» Қазақ­стан картасы» этномемо­ри­ал­дық кешенінің директоры, п.ғ.д., Ү.Мұңалбаева, Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің бас сарапшысы Б.Молдашев, Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының дирек­торы Б.Аяған, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшы­сының орынбасары С.Тергенбаев және білім, мәдениет, өнер сала­ларының қызметкерлері болды. Міне, осы білікті ұйымдасты­ру­шылар қойған сұрақтарға мү­дір­мей жауап берген барлық облыс мұражайлары бағалы сыйлықтар мен ақшалай ұтыстарға ие бол­ды. Бұл ағартушылық бағытта да жұмыс жасайтын «Атамекен» Қа­зақстан картасы» этномемо­риалдық кешені үшін Қазақстан мұражайлары арасындағы тәжі­рибе алмасуда жоғары дәрежеге қол жеткізген үлкен жетістік болып отыр. «Атамекен» Қазақстан карта­сы» этномемориалдық кешеніндегі тағы бір тарихи жаңалық, Тәуелсіздігіміздің 20 жылды­ғы­ның құрметіне мұнда «Тәуелсіз­діктің 20 жылдық шыңы» атты панорамалық мұражай-көрменің ашылуы болды. 2011 жылдың 21 қыркүйегінде панорамалық мұра­­жай-көрменің ашылуы сал­та­натты жағдайда өтті. Пано­ра­ма­лық мұражай-көрменің ашылуы­на арнайы келген қонақтарды Ас­тана қалалық филармония­сы­ның оркестрі, этнокешен қызме­т­кер­ле­рі, «Атамекен патриоттар клубы­ның» мүшелері құрметпен қарсы алды. Тәуелсіз Қазақ­стан­ның бар­лық өңірлері тарихымен осы «Атамекен» кешенінде то­лық­тай таныс болған ТҮРКСОЙ өкілдері мұражай директоры Үм­іт­хан Дәу­ренбекқызына алғыс­та­рын білдіріп, алдағы уақытта бү­кіл түркі дүниесі тарихын паш ете­тін ос­ындай халықаралық дең­гейде бірлесіп мұражай ашу­ға ұсы­ныc жа­сады. Бұл да болса, «Атамекен» ұжымы үшін үлкен мәртебе. Бұл этнокешенде ашылып от­ырған үшінші павильон болды. 2010 жылы ашылған «Ғасырлар тоғысындағы» диорамалық павильон ерте палеолит дәуірінен қа­зіргі заманғы гүлденген Қазақ­стан­ға дейінгі кезеңді қамтыса, жаңадан ашылған «Тәуелсіз­дік­тің 20 жылдық шыңы» атты пано­ра­малық павильонында тәу­ел­сіз­ді­гіміздің 20 жылдығы ішіндегі жетістіктер көрініс тапқан. Пано­рама-мұражай жас тәуелсіз мем­ле­кеттің өміріндегі елеулі және дәуірлік оқиғаларды бейнелейді. Сондай-ақ, мұражай тек саяси, ха­лықаралық оқиғаларды ғана кө­р­сетіп қана қоймай, еліміз халық­та­ры өміріндегі мәдени және рухани табыстарды да паш етеді. Бұл оқиғалар тек мемлекеттік, қо­ғамдық салаға ғана емес, әрбір қа­зақстандықтың өмі­­ріне әсер етті. Панорамалық мұражайдағы жәдігерлер мен макеттерді жа­сау­да Т.Жүргенов атындағы Қа­зақ ұлттық өнер академиясының жетекші суретшілері, дизайнерлері және сәулетшілері ерекше еңбек сіңірді. Қорыта айтқанда, бұл «Атамекен» Қазақстан карта­сы­ның» ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерейтойына арнаған үлкен сыйы болды. «Атамекен» Қазақстан карта­сы» этномемориалдық кешенінің 10 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар әлі мәресіне жеткен жоқ. Алдағы уақытта этно­кешен директоры Үмітхан Мұң­ал­баева­ның жетекшілігімен «Қа­зақстан мұражайларының қауым­дастығы» құрылып, республика көлемінде ғылыми конференция өткізу және басқа да тәрбиелік және таным­дық шаралар жос­пар­ланып отыр. Меруерт ЖАНТАСОВА, «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінің қызметкері.