• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қазан, 2017

Ауғанстанда автомобиль жарылысынан 40-тан астам әскери қаза тапты

234 рет
көрсетілді

Ауғанстанда әскери базаның жанында автомобиль жарылып, кем дегенде 40 әскери қаза тапты, деп хабарлайды Tolo News телеарнасы. 

«Екі жанкешті лаңкес Қандағар провинциясының Мейванд ауданында орналасқан Humvee әскери базасына шабуылдап, 40 әскерді өлтірді», - делінген хабарламада.

1TV телеарнасының деректеріне қарағанда, Ауғанстан Қорғаныс министрлігі шабуыл сәрсенбі күні кешке жасалғанын растаған.

Соңғы деректер бойынша, 43 адам қаза тауып, 9-ы жараланды. Жарылыс болар кезде базада 60 әскери қызметкер болған.

Шабуылдың жауапкершілігін «Талибан» қозғалысы мойнына алды.