Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Кеңес отырысында Кәсiпкерлiк кодексiн қолдану практикасы және кәсiпкерлiкті дамыту үшiн кедергілерді жою және кәсiпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту жөнiндегi қолданылатын шаралар туралы мәселе қаралды.
Аталған мәселелер бойынша Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты тыңдалды.
Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсынымдары Қазақстан Республикасындағы заңнаманы және құқық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі