Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевқа
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі республикалық кеңесінің 2017 жылғы 26 қыркүйекте өткен отырысында этномәдени бірлесу, қазақ тілінің латын әліппесіне көшу мәселелері талқыланды.
Бұл үдеріс ешбір этномәдени бірлестікті бей-жай қалдырған жоқ. Біз алда тұрған міндеттің қиындығын, ерік-жігердің, шыдамның қажеттігін, елде тұрақты және сенімді қоғамдық, әлеуметтік және саяси ахуал қалыптастырудың маңыздылығын жақсы түсінеміз.
Нұрсұлтан Әбішұлы, «Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» әдеттегідей біздің қоғамда бейбітшілік пен келісім орнату барысында сізге толық қолдау көрсететініне сенімді болыңыз. Сіздің латынға көшу жөніндегі бастамаңызды бәріміз қолдаймыз.
Жүздеген этностардың мәдениетін, дәстүрін және күнделікті өмір салтын енгізу мен бір-бірін толықтыруы қазақстандықтардың қайталанбас рухани байлығына қол жеткізуге, этносаралық бірегей мәдениетті қалыптастыруға Елбасымен бірге үдемелі дамуға мүмкіндік берді. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның барша жетістігін анықтап, Үшінші жаңғырту тапсырмаларын тиімді шешудің іргетасына айналды.
Латынға көшу қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңғырту оның барша мүмкіндігін байланыс құралы ғана емес, рухани жаңғыру барысында ұлттық бірегейлікті күшейтуге оңтайлы пайдалануға жағдай жасайды.
Сіздің бастамаңыз қазақстандықтардың орыс тілінен бас тартуын білдірмейді. Орыс тілі қазақ тілімен бірге ресми қолданыста қала бермек. Оның жан-жақтылығы мәдениет пен өркениетті жақындастыратын мәдениетаралық диалог қалыптастырады.
Барша қазақстандық этностардың міндеті латын әліпбиіне көшу үдерісіне ілесу үшін, оны бекіткен күннен бастап мемлекеттік тілді жедел меңгеру деп есептейміз.
Біздің көзқарасымыз осы. Бұл – біздің айнымас пікіріміз. Бұл – біздің бағытымыз. Осы орайдағы жұмыстарды «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің республикалық кеңесі бүкіл деңгейлерінде, еліміздің барша аудандарында және ғылыми-тәжірибелік қауымдастықтарда жүргіземіз.
Біз қоғамдық келісімді сақтау және күшейту мақсатында қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.
Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге денсаулық, табыс және Мәңгілік елдің біртұтас ұлты болу жолында бүкіл жақсылықты тілейміз.
«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі атынан Владимир БОЖКО