ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Имашев Қарағандыда мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
19 қазанда Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің қатысуымен осы жылдың 29 қазанында тағайындалған шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу туралы кеңес өтті.
Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелері, әкім аппаратының қызметкерлері, Қарағанды облысының өзге де мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен мәслихат хатшылары қатысты.
Кеңес барысында шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауын өткізуге дайындық, сайлаушылар тізімдерін құру бойынша жұмыстарды жетілдіру, сайлау процесіне қатысушылардың электораттық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды.
ҚР ОСК төрағасы Б. Имашев аумақтық және учаскелік комиссиялар – бұл сайлау жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі, сайлау туралы заңнаманың орындалуы, оның бірыңғай қолданылуы осылармен қамтамасыз етілетінін атап өтті.
Берік Имашев: «Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларының мүшелерін кәсіби даярлауға, қолданыстағы сайлау заңнамасының барлық процестерін қатаң сақтауға ерекше назар аударады. Бұл үшін ОСК аймақтағы бар мәселелерді жан-жақты талқылау үшін аумақтарда кездесулер өткізуді жоспарлап отыр» - деді.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы отырысқа қатысушыларды ОСК қызметінің электораттықаралық кезеңдегі негізгі бағыттары: Қазақстанның сайлау жүйесіндегі заңнамалық негізді жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сайлау комиссияларының мүшелерін кәсібилендіру және сайлау процестерін цифрландыру туралы хабардар етті.
Берік Имашев соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлау заңнамасын бақылау аясында тиянақты жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ кеңес барысында, 2017 жылғы Қарағанды облысының сайлау комиссияларының қызметі туралы, аймақтан шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарының ағымдағы науқаны, пікір алмасулар өткізілді, сайлауды ұйымдастырушылардың бірлескен жұмысын одан әрі жетілдіру жөніндегі міндеттер мен бағыттар қарастырылды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайлау комиссияларының мүшелерін тұрақты негізде оқыту үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажеттігіне, сондай-ақ басқа елдердегі сайлауды байқау миссияларын қоса алғанда, халықаралық іс-шараларға аймақтың өкілдерінің қатысуын арттыруға назар аударды.
Облыс әкімі кеңестің қорытындысы бойынша барлық ұсыныстарды назарға алатындығын атап өтті.