• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қазан, 2017

Атырауда ЭКСПО-ның 5 жобасы жүзеге асырылып жатыр

243 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта «ЭКСПО-2017»-нің тағы да 23 жобасын пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте айтты.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Атырау облысынан 82 902 адам барған. Бұл - республика бойынша жоғары көрсеткіш.

Атырау облысы әкімі аймақта «Жасыл энергия» технологиясы бойынша жалпы сомасы 140,218 млрд теңгенің 5 жобасы жүзеге асырылып жатқанын айтты. Олардың бәрі де ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде назарға ұсынылды.

Нұрлан Ноғаев, сондай-ақ, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттер бойынша аймақта 1,6 млрд теңгеге 106 жоба жүзеге асырылатынынан хабарлады. Оның 1,088 млрд теңгесі – кәсіпкерлердің демеушілік қаражаты.

Соңғы жаңалықтар