• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қазан, 2017

Ақтөбеде мұнай-газдың көлеңкелі айналымын жою жолдары талқыланды

358 рет
көрсетілді

Ақтөбеде еліміздің бас прокуратурасы мен Ақтөбе облыстық әкімдігінің ұйытқы болуымен «мұнай мен газдың көлеңкелі айналымының проблемалары» атты өңіаралық форум өткізілді. 

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Атап айтқанда аймақ көмірсутегі шикізатын өндіруде елімізде жетекші орындардың біріне ие. Мұндағы жер қойнауын пайдалануылардың жұмыс ырғағы ешқашан бұзылып, немесе жаңылысып көрген емес. Әрі аймақта мұнай мен газ өндіру көлемі жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар бір мезгілде  саланы жетілдіру мен жаңғырту жолдары да қатар жүргізілуде. Таяу жылдары бұл үшін 60 миллиард тенге көлемінде қаражат салынбақ. Қазіргі күннің өзінде басталып кеткен геологиялық барлау жұмыстары өңірдегі мұнай-газ саласының келешегі кемел екенін көрсетеді.

Міне, осындай үлкен салалық өндіріс және үлкен өлшемдер мен үлкен мөлшерлер бар жерде өкінішке орай мұнай мен газдың көлеңкелі айналымы да кездеспей тұрмайды. Бүгінгі таңда мұның өзі тек Ақтөбе облысы үшін ғана емес, бүкіл елеміз үшін де өзекті проблема болып отырғаны аян.  Біріншіден мұндай жағдайда ұлтттық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесіне сызат түсуі мүмкін. Екіншіден мұнай мен газдың көлеңкелі айналымы бюджеттің кіріс бөлігін елеулі түрде жоғалту деген сөз. Бұл жағдай өз кезегінде халықтың әл-ауқаты мен инвестициялық ахуалдың төмендеуіне салқынын тигізбей қоймайды. Әрі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына да жымқыру деректері кері әсерін тигізеді.  Сондай-ақ саладағы көлеңкелі көрініс жекелеген ұйымдасқан қылмыстық топтар мен радикалдық діни ағымдарды қаржыландырудың басты бір көзі десек – шындықтан қашық кете қоймаспыз. Осы орайда Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұл мәселелерді реттеудің бірқатар оңтайлы жолдарын ұсынды. Бұл ретте ол саланың стретегиялық сипатын одан әрі тереңдету қажеттігін түйіндеп берді. Әрі мұнай газ секторындағы өнім өндіру ісіне инновация жетістікерін түбегейлі орнықтыру керектігіне тоқталды. Сонымен бірге ол қазақстандық мамандарды оқыту және жергілкті құрылымдарды ұстау мен пайдалану деңгейін көтеру ісінде де қордаланып қалған проблемалар аз емес екенін жеткізді.

Бұдан кейін сөз алған ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин өңір басшысының ұтымды ұсыныстары мен ой-пікірлері назарға алынатынын айта келіп, көлеңкелі айналымнан саланы сауықтырудың шешімдері мен тәсілдері жөнінде баяндап берді. Оның пайымдауынша таяу арада жүйелі әрі кешенді іс-шаралар шоғыры белгіленіп, жүзеге асырылмаса, мұнай мен газ саласындағы көлеңкелі айнылым көріністері тыйылмайды. Біреуі құрықталғанымен, екіншісі бас көтеріп шыға келеді. Осы орайда бас прокурордың орынбасары кешенмен күресудің бірнеше жолдарын ұсынды. Соның ең бастыларына тоқтала кетсек, бүгінгі күні өндірілген шикізат өнімдерінің нақты есебі жүргізілмей келеді. Соның салдарынан соңғы екі жылда өндірілген өніммен экспортталған мұнайдың арасында әжептәуір айырмашылық бар. Сонда артық өнім қайдан шыққан? Бұл әрине біріншіден көлеңкелі айналымның тигізген әсері.

Еліміздегі жер қойнауын пайдаланатын кәсіпорындардағы қызмет жүйесі толықтай автоматтандырылмаған. Ұңғымаларды қадағалау мен күзету жүйесінің деңгейі төмен. Тіпті мүлдем қорғалудан тыс қалған нысандар да бар. Сондай-ақ ұңғымаларды консервацияға қоюдың тиісті тәртіптері мен нормалары сақтала бермейді. Мұнай мен газды тасымалдайтын құрылымдарды бақылау ісінде де былықтар мен шылықтар аз емес. Ең бастысы есепке алудың ақпараттық жүйесі мен базасы жетілдіруді талап етеді. Тұтастай жүйені жаңғырту жұмыстары да өз кезегін күтіп тұр. Әйтпесе жымқыру көріністері жойылмай, одан әрі жалғаса бермек. Осы орайда Андрей Иванович «алтын көрсе періште жолдан таяды» деген халықтық нақылды да орамды түрде қолданғанын айта кеткен жөн.

Форум қызметі кезінде тұрғындардың тұрмыстық көңіл-күйіне бірден, тез әсер ететін әлеуметтік газдың бүгінгі жай-күйі жөнінде де құнды ой-түйіндер жасалды. Елімізде бұл шикізаттың тапшылығы да, бағасының негізсіз өсу көріністері де орын алып отырғанына қарамастан – оның есебіне ашықтық пен жариялылық сипат берілмей келе жатқаны ойландырмай қоймайды. Әлеуметтік газды көтерме сауда жасаушылар мен жанар-май құю стансалары қожайындары арасында бөлудің нақты тетіктері жасалмаған. Ал мұның өзі жоғарыда айтылғандай шикізаттың жетіспеуі мен бағаның орынсыз өсуіне әсер етпей қоймайды. Оны шешудің басты бір жолы – әкімдіктерге сұйытылған газды ішкі нарықты бөлу бойыша тиісті өкілеттіліктер бөлу болып табылады деген ой-пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Бұдан соң Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен Ішкі Істер Министрлігінің құрылымдық жетекшілері және салалық министрліктер мен шикізатты өндіруші өңірлер өкілдері жоғарыда аталған проблемаларды шешу мен реттеу жөніндегі өз ойларын ортаға салды. Олар көмірсутегінің заңсыз айналымын тудыратын салдармен күресу қажеттілігіне назар аударды. Форумда мұнай мен газдың заңсыз айналымына қарсы күрес пен іс-қимыл да жүріп жатқаны айтылып өтті. Осындай кең ауқымды талқылаулардың қорытындысы мен форумға қатысушылардың ұсыныстары негізінде кешенді түрде атқарылатын адамдардың басын біріктірген қабырғалы құжат қабылданды.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ