Кенияның орталық бөлігіндегі Накуру көліне бортында команда мүшелерін қосқанда бес адам бар тікұшақ құлады.
Бұл туралы бүгін Daily Nation хабарлады. Жергілікті құқық қорғау органдары оқиғаны растады.
Алдын ала деректерге қарағанда, ондағы жолаушылар - шараға бара жатқан журналистер. Басылымның атап өтуінше, тікұшақ Накуру ұлттық паркінде орналасқан Jarika County Lodge қонақүйнен ұшып шыққан.