• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Бокс 22 Қазан, 2017

Жақияновпен жекпе-жектен соң Барнетт ауруханаға түсіп қалды

237 рет
көрсетілді

Кеше солтүстік Ирландия боксшысы Райан Барнетт қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновпен өткізген жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы The Times тілшісі Рон Льюис Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Сақтық үшін Барнетт ауруханаға жатқызылды», деп жазды ол.

Еске сала кетсек, Жақиянов - Барнетт жекпе-жегінде төрешілер жеңісті солтүстік ирландиялыққа берген болатын. Валери Дорсетт есеп қағазына 118-110, Паскуале Прокопио - 116-112, Карлос Сукре - 119-109 нәтижелерін жазған. Осылайша, Барнетт бірінші жеңіл салмақтағы IBF белдігіне бұрын Жақияновқа тиесілі болып келген WBA (Super) титулымен қосқан еді.