Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығымен құттықтап, стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгей, биік белесін арнайы атап өтті.
Құттықтау жеделхаты Кремль сайтында жарияланды, деп хабарлады ТАСС.
«Біз басып өткен ширек ғасырда Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын достық пен өзара құрметтің игі дәстүрлеріне негізделген екіжақты қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жоғары деңгейіне көтере алдық», - делінген құттықтауда.
РФ президенті екі мемлекеттің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, гуманитарлық және басқа да салалардағы саяси диалогы мен жемісті ынтымақтастығының қарқын үстей ілгерлеп келе жатқанын тілге тиек еткен Путин екі елдің халықаралық мәселелерді шешудегі конструктивтік ықпалдастығының одан әрі дамуына сенім білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық пен мол табыстар тіледі.