• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қазан, 2017

Шаруалар астықтарын элеваторларға өткізе алмай жатыр

602 рет
көрсетілді

Биыл елімізде егіннің шығымы жаман болған жоқ. Алайда шаруалардың төккен тері, есіл еңбегі еш кеткелі тұр. Редакцияға Ақмола облысында элеваторлар артық астықты қабылдамай жатқаны туралы ақпарат түскен болатын. Біз диқандардың жанайқайына құлақ түріп, мәселенің анық-қанығына үңілдік.

Биылғы астық шығымы жаман емес, гектарына 12,8 центнерден айналған астықтың жалпы көлемі 5,1 миллион тоннаға жеткен. Алайда, өңірдегі шаруалар астықтарын элеваторларға өткізе алмай әуре-сарсаңға түсіп жатқаны да рас болып шықты.

«Кеше ғана элеваторларға барып, қалыптасқан жағдаймен танысып қайттым. Барлық жерде астық таситын вагондар жетпей жатыр. Дегенмен, элеваторлар қазірдің өзінде біраз астықты қабылдап үлгерді. Енді он күн ішінде шаруалардағы бар астықты қабылдап алуға мүмкіндік бар. Жалпы, бұрындары біз элеваторлардан артығымен астық қабылдауды сұрайтынбыз, ал қазір заң талабы басқаша. Нақты айтқанда, бұл күнде электронды астық қолхаты бо­йын­ша паспорттық сыйымдылыққа сәй­кес астық көлемін қабылдау қол­ға алынған. Яғни, паспорттық сыйым­дылыққа сәйкес 100 мың тонна бидай қабылдау керек болса, элеватор өзінде бар астықты басқа жаққа жө­нелт­пейінше артығын қабылдай алмайды», дейді Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік және астық нарығын реттеу бөлімінің басшысы Әскербек Әбуов.

Оның айтуынша элеваторлардан қабылданған ауылшаруашылық дақылдарының сапасы мен көлемі, өзге де көрсеткіштері бойынша әрбір үш күн сайын басқа ақпарат келіп тү­седі. Әрине заңдық нормалармен өмір­дің барлық қалтарыстары мен бұл­тарыстарын қамту мүмкін емес. Сон­дықтан бұл жерде шаруа­лар­дың өздері дұрыс шешім қабылдай білуі керек. Мысалы, Атбасардағы 140 мың тонна астық қабылдап ал­ған «Ламатиз» астық қабылдау беке­тінен артық көлем әкетілмесе, бекет жұмысы уақытша тоқтап қалуы мүмкін. Ал одан 30 шақырым қашық­тықта жатқан «Маринск» АҚБ астық қабылдауды әлі жал­ғастыруда. Алай­да шаруалар жол­дың қашықты­ғын алға тартып, көлік тасымалы шы­ғын­дарына барғысы жоқ. Элеваторлар артық көлемді қабылдай алмайтын заңдық талапты алып тастамасақ, онда астықты сақтап қалу үшін артық шығынға баруға тура келеді.

«Элеваторға өткіздім деген аты болмаса, артық астық бәрібір ашық аспан астында жатады. Менің білуім­ше, астығын өткізе алмай жүрген шаруалар онша көп емес. Бұл мәселе бойынша «Қазақстан темір жолы» АҚ бірлесе астық тасымалына қа­жет­ті вагондардың жетіспеушілігі жө­нінде жиын да өткіздік. Тіпті оған тасымалға жауапты директор да шақыртылды. Олар астық тасымалдайтын вагондардың жеткі­зіле­тіндігіне сендіргенімен, көріп отыр­ғанымыздай уәде орындалмай жатыр. Әрбір элеваторда тапсырыс жет­кілікті, бірақ вагондар­мен қам­та­масыз етілуі көңіл көншіт­пейді», деп отыр Ә.Әбуов.

Ауыл шаруашылығы басқар­ма­сы­ның өкілі айтқандай, бұрындары да вагондардың жетіспеушілігі сезі­летін, бірақ биыл жағдай күрде­лірек. Биыл соңғы он жылда алғаш рет бидай құрғақ күйінде жинап алын­ған. Басқарма элеваторлармен күн­делікті хабарласып отыр. Олар қажетті көлемдегі астық жинал­ға­нын, сондықтан қабылдауды тоқта­татындарын алға тартуда.

Кейбір жер өндеумен айналысатын ірі компаниялардың өз астық таситын вагондары бар екен. Бірақ олардың вагондарының да кері қайтуы қиынға соғуда. Иранға астық тиеп жөнелтілген вагондар портта қаңтарылып тұр. Өйткені астықты құйып алатын жақ кешіктіріп жатқанға ұқсайды. Моңғолиямен де өзара келісімшарт бар, бірақ тасымалмен қамтамасыз ету жағы ақсап тұр. Элеваторлардан арту жағынан ешқандай проблема жоқ, уақытты тек вагондар ұстап тұр. Тасымал вагондары болмағандықтан көптеген келісімшарттар бұзылуы да ғажап емес.

Егіншілік және астық нарығын реттеу бөлімінің басшысы бұл туралы: «Оларға менің тасымал вагондарым болмай қалды деп ақтала алмайсың. Келісімшарт болған соң оны орындау шарт. Соның салдарынан баға демпингі орын алуы да мүмкін. Себебі қараша, желтоқсан айларында несие қарыздарын өтеу уақыты келеді. Шаруалар қамырлылығы 25-28 пайыз болатын астықты 23-тің көрсеткішімен сатқысы жоқ. Бірақ сатуларына тура келеді. Бұл бізді алаңдатуда. Егер тасымал вагондарымен қамтамасыз етілсе, жағдай біршама тұрақтанар еді», дейді.

Жалпы, Ақмола облысының астық қабылдау бекеттерінен экспортталатын елдердің қатары қалыпты. Астықтары ең алдымен Орталық Азия елдеріне шығарылады. Содан кейін Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қытай, Ресей елдеріне жөнелтіп жатыр. Ең көп астық көлемін, яғни 279,8 мың тонна бидайды Тәжікстан сатып алған. Еліміздің өзге өңірлеріне де биыл 680 мың тонна астық жіберіпті.

Бұған дейін жоғары сапалы бидай Ақмола облысында ғана болса, биыл өзге өңірлерде де ол арта түскенін айта кетейік. Оның үстіне Ресейде егіннің бітік шығуы, сол сияқты Украинадағы жақсы көрсеткіштер бәсекені қыздыра түскені шындық. Сол себепті сатып алушы елдер мен өңірлер қатары кеми түскені рас. Биыл Ақмола облысы арпаны молынан екті. Бұл Иранның еркін сауда нарығында арпаға деген сұраныс жоғарылағанымен байланысты. Өндірілген арпа сонда экспортталып жатыр.

«Мен көптеген элеваторларда болдым. Ондағы жиналған арпа астық трейдерлері тарапынан толығымен сатып алынған десем қателеспеймін. Сол сияқты рапс пен бидай бойынша да көптеген келісімшарттар жасалып қойылған. Бізде жоғары сапалы «хайпо» бидайын сату үшін келісімшарт жасауда аздаған проблема бар. Қытай белгілі бір бөлігін алып келеді. Жыл басынан осындай жоғары сапалы 10 мың тонна бидайды сата алдық», дейді Ә.Әбуов.

Жалпы, Ақмола облысы халқының тыныс-тіршілігі астық экспортымен тығыз байланысты. Соңғы жылдары майлы дақылдар экспорты да жолға қойыла бастады. Үш-төрт жыл­дың көлемінде өңірде егіннің шығы­мы тұрақталып, өнімнің сапасы артып келе жатқанын да айта кету керек. Жыл сайын жиылған өнім көле­мі 5 млн тоннадан түспей келе жатқа­ны қуан­тарлық көрсеткіш. Ауыл шаруа­шы­­лығы басқармасының бөлім басшы­сы айтқандай, егін шығымының тұрақ­тал­ғаны бірінші кезекте, жер өңдеу сапасының артқанымен және агротех­ника­ның жетілдірілуімен байланыс­ты. Оған қоса, ауылшаруашылық өнімін өн­дірушілер бидай тұқымының сапасын арттыру үшін көп жұмыс атқа­руда. Соның арқасында биыл жал­пы егістік алқабының 5 пайы­зына эли­талы тұқым себілген. Де­ген­мен, жиылған астықты кәдеге жара­туда әлі де проблемалар бар екені бай­қалады. Облыс шаруаларының алаң­даушылығы осыны көрсетіп отыр.

Кейбір жер өндеумен айналысатын ірі компаниялардың өз астық таситын вагондары бар екен. Бірақ олардың вагондарының да кері қайтуы қиынға соғуда. Иранға астық тиеп жөнелтілген вагондар портта қаңтарылып тұр. Өйткені астықты құйып алатын жақ кешіктіріп жатқанға ұқсайды. Моңғолиямен де өзара келісімшарт бар, бірақ тасымалмен қамтамасыз ету жағы ақсап тұр. Элеваторлардан арту жағынан ешқандай проблема жоқ, уақытты тек вагондар ұстап тұр. Тасымал вагондары болмағандықтан көптеген келісімшарттар бұзылуы да ғажап емес. Егіншілік және астық нарығын реттеу бөлімінің басшысы бұл туралы: «Оларға менің тасымал вагондарым болмай қалды деп ақтала алмайсың. Келісімшарт болған соң оны орындау шарт. Соның салдарынан баға демпингі орын алуы да мүмкін. Себебі қараша, желтоқсан айларында несие қарыздарын өтеу уақыты келеді. Шаруалар қамырлылығы 25-28 пайыз болатын астықты 23-тің көрсеткішімен сатқысы жоқ. Бірақ сатуларына тура келеді. Бұл бізді алаңдатуда. Егер тасымал вагондарымен қамтамасыз етілсе, жағдай біршама тұрақтанар еді», дейді. 

Жалпы, Ақмола облысының астық қабылдау бекеттерінен экспортталатын елдердің қатары қалыпты. Астықтары ең алдымен Орталық Азия елдеріне шығарылады. Содан кейін Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қытай, Ресей елдеріне жөнелтіп жатыр. Ең көп астық көлемін, яғни 279,8 мың тонна бидайды Тәжікстан сатып алған. Еліміздің өзге өңірлеріне де биыл 680 мың тонна астық жіберіпті. 

Бұған дейін жоғары сапалы бидай Ақмола облысында ғана болса, биыл өзге өңірлерде де ол арта түскенін айта кетейік. Оның үстіне Ресейде егіннің бітік шығуы, сол сияқты Украинадағы жақсы көрсеткіштер бәсекені қыздыра түскені шындық. Сол себепті сатып алушы елдер мен өңірлер қатары кеми түскені рас. 

Биыл Ақмола облысы арпаны молынан екті. Бұл Иранның еркін сауда нарығында арпаға деген сұраныс жоғарылағанымен байланысты. Өндірілген арпа сонда экспортталып жатыр. «Мен көптеген элеваторларда болдым. Ондағы жиналған арпа астық трейдерлері тарапынан толығымен сатып алынған десем қателеспеймін. Сол сияқты рапс пен бидай бойынша да көптеген келісімшарттар жасалып қойылған. Бізде жоғары сапалы «хайпо» бидайын сату үшін келісімшарт жасауда аздаған проблема бар. Қытай белгілі бір бөлігін алып келеді. Жыл басынан осындай жоғары сапалы 10 мың тонна бидайды сата алдық», дейді Ә.Әбуов. 

Жалпы, Ақмола облысы халқының тыныс-тіршілігі астық экспортымен тығыз байланысты. Соңғы жылдары майлы дақылдар экспорты да жолға қойыла бастады. Үш-төрт жыл­дың көлемінде өңірде егіннің шығы­мы тұрақталып, өнімнің сапасы артып келе жатқанын да айта кету керек. Жыл сайын жиылған өнім көле­мі 5 млн тоннадан түспей келе жатқа­ны қуан­тарлық көрсеткіш. Ауыл шаруа­шы­­лығы басқармасының бөлім басшы­сы айтқандай, егін шығымының тұрақ­тал­ғаны бірінші кезекте, жер өңдеу сапасының артқанымен және агротех­ника­ның жетілдірілуімен байланыс­ты. Оған қоса, ауылшаруашылық өнімін өн­дірушілер бидай тұқымының сапасын арттыру үшін көп жұмыс атқа­руда. Соның арқасында биыл жал­пы егістік алқабының 5 пайы­зына эли­талы тұқым себілген. Де­ген­мен, жиылған астықты кәдеге жара­туда әлі де проблемалар бар екені бай­қалады. Облыс шаруаларының алаң­даушылығы осыны көрсетіп отыр.   

 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы