• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қазан, 2017

Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы Елшісін қабылдады

351 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 25 жыл толуына орай, қос ел әріптестігінің өзара іс-қимылы ТМД кеңістігіндегі интеграциялық дамудың маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті.

Н.Нығматулин екі елдің көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің өзара түсіністік пен достыққа негізделген тиімді бірлескен жұмысының нәтижесінде түрлі салалар бойынша екі жақты ынтымақтастықтың жоғары нәтижелеріне қол жеткізілгенін айтты. Сонымен қоса, аймақтық жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК-де екі елдің бірлескен жұмысына ерекше назар аударылды.

Тараптар екі елдің парламентшілері арасындағы байланыстарды нығайтуға шақырды.

Сонымен бірге М.Бочарников Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктеріне тоқтала отырып, парламентаралық қарым-қатынасты нығайту екі жақты ықпалдастықтың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.