• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қазан, 2017

Қырғыз бен қазақты ажыратамыз дегендердің пейілі тасқа ұрылсын – А.Мадумаров

470 рет
көрсетілді

Көрші қырғыз елінің басшы­сы тарапынан Қазақстанға қарата айтылған орынсыз мәлімде­ме­лердің жөнсіздігін көрсетіп, оны айып­таған пікірлер Қырғызстан қоғамында да кеңінен көрініс тауып жатыр.

Олардың арасында Османакун Ибрайымов сынды сөзі салмақты мемлекет және қоғам қайраткерлері де бар екенін жазған болатынбыз. Өткен жұма күні Қырғызстанның тағы бір экс-мемлекеттік хатшысы, «Бүтін Қырғызстан» партиясының басшысы Адахан Мадумаров та бауырлас қазақ пен қырғыздың қа­рым-қатынасын ешкімнің сөзі бұ­за алмайтынын айтып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өз өтінішін білдірді. Оның бұл мәлімдемесі «Youtube.com» бейне-порталы арқылы жарияланды. 

«Мен мүмкіндікті пайдаланып, Қазақ еліне, Елбасына, бү­тін түрік дүниесінің ақсақалы атан­ған Нұрсұлтан Әбішұлына өті­ніш білдіремін. Әрдайым қырғыз-қазақ қарым-қатынасын асылдай ардақтап, мәуелі мәміле жасап келдіңіз. Соның бәрі бір кі­сінің кесапатынан бүтін жұртқа зиян­ды болмаса екен дегім келеді. Айтқан кісінің сөзі мен өзі кете бер­сінші, бірақ қалқайған қалың жұрт зиян шекпесе екен», деген А.Мадумаров  осы мәлімдемесінде Ел­ба­­сының «Қырғызға мендей кү­йе­тін азамат менен кейін келе ме,­ келмей ме, білмеймін» деген­ сөзін еске алып, Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы­­ның асқан сабырлық та­ны­­тып отырғанына айрықша ризашылығын білдіреді.

Сондай-ақ «салқын тартып бара жатқан екі елдің арасындағы қарым-қатынас­ты қайта бір пысықтап қойсаңыз» деген өтінішін жет­кізеді. «Мен ресми түрде осылай қазақ билігіне өтініш білдіремін. Құ­дай бұйырса, бұл күндер өтеді. Біздің арамызды ешкім ажырата алған емес. Жаратқан Алла ға­на ажыратпаса, қырғыз бен қа­­зақ­ты ешкім ажырата алмайды.­ Ажыратамыз дегендердің пе­йі­­­лі тасқа ұрылсын», дейді А.Мадумаров.