• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қазан, 2017

Астанада Сирия келіссөздері басталды

398 рет
көрсетілді

30-31 қазан күндері Астанада Сирия бойынша келіссөздердің жетінші раунды өтеді, деп хабарлайды РИА Новости.

ҚР СІМ хабарлауынша, барлық тараптар қатысуын растады. Алдағы кездесуге Сирия үкіметінің және сириялық оппозицияның, сондай-ақ байқаушы ретінде БҰҰ, АҚШ және Иорданияның өкілдері қатысады.

«Бұл кездесу Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтату жөнінде қол жеткізген жетістіктерді сақтауда үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ дағдарысты саяси реттеуге өту кезеңінде елдегі жағдайды әрі қарай тұрақтандыруға бағытталған», деп хабарлайды министрлік.

«Іс-шараның басталуынан бір күн бұрын кепілгер-елдердің өкілдері сарапшылар деңгейінде екіжақты және үшжақты консультациялар өткізуге ниетті. Жалпы отырыс барлық тараптың қатысуымен 31 қазанда өтеді», делінген хабарламада.

Осыдан бірнеше күн бұрын Сирия президенті Башар Асад «ұлттық келісім мен Сириядағы диалогқа арналған» саяси бағытты Дамаск қолдайтынын жеткізді.

Сириялық қарулы оппозицияны сириялық Еркін армия Бас штабының басшысы Ахмад Берри басқарады. Делегация өкілі Фатех Хассунның айтуынша, алдағы кездесудің басты тақырыбы тұтқындағыларды босату мәселесі болады деп үміттенеді.

Астанадағы кездесулер қаңтар айынан бері өткізіліп келеді. 14-16 қыркүйек аралығында өткен Алтыншы раундтың нәтижесі бойынша, Сирияда төрт деэскалация аймағы құрылатын болды.