• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қазан, 2017

ИАТА-ның ресми сайтында Астана әуежайының атауы «Nursultan Nazarbayev» болып өзгертілді

493 рет
көрсетілді

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының ресми сайтында (International Air Transport Association, IATA, ИАТА) Астана қаласы әуежайының атауы өзгертілді, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (ИАТА) жүргізген жұмысының нәтижесінде Астана қаласы әуежайының жаңа атауы ИАТА ресми сайтында «Nursultan Nazarbayev» деп көрсетілді. Әуежайдың жаңа атауы биыл 1 қарашадан бастап ИATA-ның ай сайынғы ресми бюллетенінде жарияланады. Содан кейін ғаламдық әуе билеттерін брондау жүйелерінің жеткізушілері (Amadeus, SITA) осы ақпаратты кейінгі сатылымдық желілерде де, билеттерде де көрсету үшін тиісті өзгерістер енгізулері тиіс.

Осылайша, алдағы уақытта әуежайдың жаңа атауы Астанаға бағытталған және Астанадан шығатын жолаушылардың әуе билеттерінде көрсетілетін болады. Сонымен қатар, «TSE» үш әріптік кодын өзгерту туралы мәселе қарастырылуда.

Айта кетейік, 2017 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 381 Жарлығымен Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» деп өзгертілді. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы - ИATA (International Air Transport Assocoation, қысқаша. IATA) халықаралық үкіметтік емес ұйым болып табылады. Бас офисі Монреаль қаласында (Канада) орналасқан. Еуропалық орталығы Женева қаласында (Швейцария). 2017 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша IATA мүшелігінде 280 әуе компаниясы бар, соның ішінде «Эйр Астана» компаниясы да бар.