• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қазан, 2017

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

334 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 31 қазан - 2 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері кейбір облыстарда ауа температурасының климаттық нормадан 3-9 ºС-ге жоғары болғаны байқалды.

Мұндай ауа райы жылы ауа массасының Ираннан Қазақстан және Батыс Сібірге ауысуымен байланысты. Алдағы үш тәулікте жылы, кей жерлерде жауын-шашынды ауа райы әсіресе оңтүстік және шығыс облыстарда сақталады. Батыс және солтүстік батыста Ресейдің еуропалық бөлігінен біртіндеп суық және ылғалды ауа массасы басталады.

Сол себепті бұл аймақтарда ауа райы жауын-шашынды, жабысқақ қар жауып, тұманданады, ауа температурасы біртіндеп төмендеп, көктайғақ болады, деп күтілуде.