• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қазан, 2017

Атырауда ақын Қойшығұл Жылқышиевтің шығармашылық кеші өтті

485 рет
көрсетілді

Атырауда ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қойшығұл Жылқышиевтің шығармашылық кеші өтті.

«Қай қазақтан кем едім?» деп атал­ған кеш әдеби-сазды композициямен бас­талды. Ақын жүріп өткен жол, тау­қыметі мен таңғажайыбы толы ғұмыры арқау болған қойылым көрермен көңі­лінен шықты. Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев: «Қойшығұл Өмір­ұлының халыққа, елге қызмет көр­сетудегі адалдығы, азаматтығы бөлек. Оны бар білгенін, жиған-тер­генін ортаға төгіп тастайтын кеңпейіл азамат ретінде білемін. Махамбет шығармашылығын насихаттауға зор еңбек сіңірдіңіз. Махамбеттің басына келген қиыншылығы емес, атақ-абы­ройы, халықтың сүйіспеншілігі, ыс­тық ықыласы дарысын сізге», – деген лебізін айтты.

 Мәдениет қайраткері Қайрат Құл­мұ­хамбет, тарихшы Жамали Дихан, Батыс Қазақстан облысындағы Қа­дыр Мырза Әлі атындағы мәдени орталықтың басшысы Бауыржан Ха­лиол­ла, «Фариза жұлдыздары» жас ақын­дар клубының жетекшісі Әлия Дәулетбаева сөз алып, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның ма­ңызына тоқталды, кеш иесінің ақындық, азаматтық қасиеттері жайлы әңгімеледі.

Қойшығұл Жылқышиев бүгінде Қазақстан Жазушылар одағы Атырау об­­лыстық бөлімшесін басқарады. Ай­мақ­тағы қаламгерлер қауымының қол­дау­­­­­шысы ретінде мәдениет пен өнер­дің да­муына үлес қосып келе жатқан ақын кеші нағыз өлеңнің мерекесі іс­петті болды.

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ