• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 31 Қазан, 2017

Павлодарлық студент грэпплингтен әлем чемпионы атанды

346 рет
көрсетілді

Жақында Баку қаласында грэпплинг спортынан өткен әлем чемпионатына әлемнің 40 мемлекетінің үздік спортшылары қатысты.

Жарыс грэпплинг ги және грэпплинг ноу ги түрлері бойынша өтті. Аталған жарыста Павлодар намысын қорғау үшін жас спортшымыз Дина Какенова барды. Ол ПМУ-да джиу-джитсу секциясына барады.

Жерлесіміз 16-17 жас аралығында 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды.

Дина джиу-джитсу бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қара және көк белбеу иегері, Павлодар мемлекеттік университетінің белді жаттықтырушысы Заирбек Әбілқадыровта жаттығады.

ҚР грэпплинг федерациясы президенті, «Atos Kazakhstan» джиу-джитсу академиясының негізін қалаушы әрі жаттықтырушысы Қанат Алиннің сөзінше, Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсеткен. Отандастарымыз жалпы командалық есеп бойынша, үшінші орын иеленді.