Ұлттық экономика министрілігі жауапты хатшысының бұйрығымен Табиғи монопияларды реттеу және бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің басшысы болып Жандос Мүбаракұлы Ермағамбетов тағайындалды
Ж. Ермағамбетов 1976 жылы Алматы қаласында туған. Варшава университетін, Алматы үзіліссіз беру университетін бітіріп, өнер магистрі және заң бакалавры маманықтарын алып шыққан.
Еңбек жолын кеден комитетінде бастап, коммерциялық құрылымдарда қызмет атқарған.
Кейінгі жылдары монополиға қарсы күрес салаларында бас сарапшы, инспекция басшысының орынбасары, департамент жетекшісінің орынбасары болған.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»