• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қараша, 2017

Нью-Йорктегі террактіден зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

202 рет
көрсетілді

Нью-Йорктегі терракт кезінде зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл жайында еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Əнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

«Осы уақытқа дейінгі мəліметтерге сəйкес Нью-Йорк қаласында жүк көлігінің  бір топ жаяу жүргіншіні басып кетуінен қаза тапқандардың және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазақстандық дипломаттар осы ахуалды бақылауды жалғастыруда», - деп жазды Жайнақов.

Еске сала кетсек, Нью-Йорктің Манхэттен ауданында автокөлік велосипед жолындағы жолаушыларды қағып кетіп, оқ жаудырды. Ресми мәлімет бойынша, 6 адам оқиға орнында, 2 адам ауруханада қайтыс болған. 11 адам аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген.  Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио журналистерге берген сұхбатында «Бұл, сөзсіз, қарапайым, еш жазығы жоқ адамдарға қарсы террорлық акті», деді.