• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Кино 01 Қараша, 2017

«Біздің қаланың ханзадасы» фильмін ел кинотеатрларынан тамашалауға болады

810 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойын­ша «Адигул продакшн» компаниясының қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Біздің қаланың ханзадасы» көркем фильмі жақында прокатқа шыққан болатын. 

Еске сала кетейік, экрандық туындының режиссері әрі сценарий авторы – Қазақстанның халық әртісі, қазақ кинематографиясы «жаңа толқынының» белгілі өкілі – Талғат Теменов. «Адамдар арасындағы бөлті­рік», «Қызғыш құс», «Махаббат бе­кеті» сынды көпшілікке танымал фильмдерімен көрермен сүйіспеншілігіне ие Т.Теме­новтің жаңа кинотуындысы жал­­ғыздықтың күйін кешіп жүр­ген балалар үйінің 6 жасар тәрбиеленушісі мен қарттар үйінің ардагері арасындағы достық байланыс туралы баян­дайды.

Айта кететін жайт, «Біз­дің қаланың ханзадасы» фильмінің тұсаукесері (жұмыс атауы «Би­бол») биыл 1 маусым – ха­лық­аралық балаларды қорғау кү­ніне орай Астана қаласында өткен болатын. Сонымен қа­тар аталмыш кинотуынды қыр­күйек айында Ресейде өткен ІІ халықаралық «Еуразиялық көпір» кинофестивалінің негізгі бағдарламасы шеңберінде көр­сетілген еді.

Фильмнің негізгі түсі­рі­лімі Астанада және Ақмола об­лы­сының Бурабай ауылында өтті. Басты рөлдерді Әнуар Төлеу­ғажы мен Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеу­бек Аралбай («Жаужүрек мың бала», «Жою­­шы», «Ты­ғы­рық­тан жол тапқан») сомдай­ды. Соны­мен қатар фильмге Қ.Қуа­нышбаев атындағы музы­калы драма театрының ак­терлері қатысқаны мәлім.

«Біздің қаланың ханзадасы» фильмін енді еліміз кинотеатрларынан тамашалауға мүмкіндік туып отыр. 

 

Қаршыға КҮЛЕН