• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қараша, 2017

Cоң­ғы төрт жылда Қызылордада 14 шағын аудан бой түзеді

389 рет
көрсетілді

Осыдан төрт жыл бұрын Ақмешітіңізде жақсы бір іс қолға алынды. Қаланың Титов және Гагарин шағын ау­дандарындағы әбден ескі­рген, тозығы жеткен апа­тты тұрғын үйлердің иеле­ріне жаңа баспана соғу жұмысы еді ол. Қабырғасы қирап, төбесі опырылып, ішіндегі адам­дарды ба­сып қалу қаупі бол­ды.

Халық өте қобалжулы-тын. Осындай сын сағатында мем­­лекет көмекке келді. 25 апат­ты үйде тұрып жатқан 300-ге жуық адамға арналып 6 тұрғын үйдің құрылысы басталды солай. Жақында осы жұмыстың нәтижесін көрді халық. Апатты үйде тұрып жатқан отбасыларға жаңадан са­лын­ған 305 пәтерлік 6 көп­қа­батты үй пайдалануға бе­рілді. Баспаналы болған­дар­дың ішін­де зейнеткерлер, жас жә­не көп балалы отбасылар мен жұмыссыз адамдар да бар. 

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пәтер иелеріне су жаңа баспананың кілттерін табыстап, тұрғындарды қо­ныс тойымен құттықтады. 

– Біз мемлекеттік бағ­дар­ламалар аясында салын­ған үйлермен қа­тар, жыл сайын апатты жағ­дай­дағы үйлердің мәселесін де кезең-кезеңімен ше­шіп келеміз. Бұған дей­ін апат­ты деп танылған үйле­р­д­ің орнына 204 пәтерлі 4 көп қабатты тұрғын үй пай­да­лануға берілген болатын. Бүгін осы игілікті істердің жалғасы ретінде Жаппасбай батыр көшесі мен Титов қыстағындағы жаңа шағын ау­данда 305 пәтерлі 6 көп­ қабатты тұрғын үйдің кіл­тін салтанатты түрде та­быстағалы тұрмыз. Нәтижесінде, биыл қаладағы апатты жағдайдағы тұр­ғын үйлердің мәселесі то­лы­ғымен шешімін тапты деп айтуымызға болады. Осы игі істердің барлығы – Елбасы Нұрсұлтан 

На­зар­­баевтың сындарлы сая­са­тының арқасында қол жет­кізіп отырған ең бас­ты же­тістігіміз. «Өз үйім – өлең төсегім» деп, басында жеке баспанасы болуын ар­мандамайтын адам жоқ. Үйлі болса, іші жанға толса екен дейді. Бүгін сіздер сол армандарыңызға қол жет­кіздіңіздер, енді іші сә­бидің күміс күл­кісіне толсын, – деді Қырымбек Елеуұлы.

Жаңа қонысқа қол жет­кіз­ген тұрғын­дар риза­шы­лықтарын білдіріп, алғы­с­та­рын жеткізді. 

Айта кетуіміз керек, соң­ғы төрт жылда Қызылорда қа­ла­сында 14 шағын аудан бой түзеп, тек осы жылдың өзінде 61 көп қабатты үйдің 24-і пайдалануға берілді. Ал соңғы 4,5 жылда өңірдегі құрылыс көлемі 3,5 есеге, облыс орталығында 8 есеге артты. Мұның сыртын­да қаншама әлеуметтік нысан­дар соғылды. Соның ар­қа­сында, аймақта апатты жағ­дайда білім беріп жатқан мек­тептер де жоқ. Бұл деге­ні­ңіз үлкен көрсеткіш.

 

 

 Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан»

 ҚЫЗЫЛОРДА