• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қараша, 2017

Астанада мүгедектік-арбаларға лайықталмаған автобустар қолданыстан шығарылады

235 рет
көрсетілді

Астанада жыл басынан 282 пандус орнатылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайы үшін бірқатар көшеде тактильді плиталар төселді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, биылғы қаңтар айынан бері Астанада 705 нысан паспортталса, олардың 474-і мүгедектер үшін бейімделген. Аталмыш нысандар денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, білім беру мекемелеріне жатады. Олардың ішінде шағын жән орта бизнес нысандары да бар.

Бұдан басқа, көптеген кәсіпкерлер жергілікті билік өкілдерімен, прокуратура органдарымен бірлесіп, мүгедектер үшін шектеусіз алаң құру ісіне атсалысып жатыр. Сонымен қатар 2017 жылдың басынан бастап Қазақстанның бас қаласында 282 пандус орнатылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайлылығы үшін А. Ахматова, Б. Бейсекбаев, С. Сейфуллин және Оқжетпес көшелерінде тактильді плиталар төселді. Елорданың көліктік кәсіпорындары да мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы ортаны қалыптастыру ісіне өз үлесін қосуда.

Бүгінгі күні қаладағы 1158 жолаушылар көлігінің 742-сі кемтар жандардың көлікке кіріп-шығуына арналған құрылғымен жарақталған. Техниканың қалған бірліктері қайта жарақтандырудан өтуге жарамсыз, сол себепті олар жақын арада пайдаланудан шығарылатын болады.  Айта кетейік, мүгедектердің құқықтарын қорғау мен олардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның мақсаты қамқорлықты қажет ететін азаматтар үшін шектеусіз орта қалыптастыру болып табылады.