Қырғызстанның экс-премьері Темір Сариев "Қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселелерді шешу" атты тақырыппен өткен дөңгелек үстелде мемлекеттің 2006 жылы Қазақстанмен достық келісімге қол қойғанын еске алып, ЕАЭО-ға мүшелікке өтуіне Қазақстанның көп қолдау білдіргенін айтты, деп жазады knews.kg.
Темір Сариевтің айтуынша, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға жан-жақты қолдау көрсеткен. Экс-премьер-министр билік алдын ала әрекетке көшу керек деп есептейтінін айтты. Мысалы, Ресейдің Мемлекеттік Думасы Қырғызстанның мигранттарына өз елінің жүргізуші куәлігін қолдануға тыйым салу туралы заңды қарастыруда. Сариевтің айтуынша, жаңадан сайланған президент те солай әрекет етуі керек.
«Сооронбай Жээнбеков қызметіне кіріспес бұрын әрекетке көше бергені жөн. Біз мәселені тек екі жақтың Президенттері шеше алатынын білеміз. Сондықтан Жээнбеков бұл мәселеде өзінің анық позициясын көрсетуі керек", дейді Сариев. Оның айтуынша, жаңа президент инаугурацияны күтпей, келіссөздерді бастай бергені жөн.
Естеріңізге сала кетсек, 10 қазанда Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы бақылауды күшейткен болатын. 18 қазанда Астанада үкімет басшылары кездесіп, жағдайды реттеген еді. Бірақ жүк көліктері шекарадан өткен кезде әлі де қиындықтарға тап болуда, деп жазады басылым.