• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қараша, 2017

Бақтыбаеваның бенефисі

368 рет
көрсетілді

Өскемендегі облыстық драма театрда осы мәдениет ордасының негізін қалаушы өнерпаздардың бірі, қазақ труппасының белді актрисасы Гүлбақыт Бақтыбаеваның бенефисі өтті. Еңбек жолын Зайсан халық театрынан бас­тап, кейін Ақжар және Жаңалық халық теа­трларында актриса һәм режиссер қызметтерін атқарып, 2002 жылы облыс орталығына келген талант иесі сахнаға шығып, өнерін көрсетті.

      G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Көрермендер назарына «Тіл табысқандар» комедиясын ұсынып, басты рөлді сомдап, жанкүйерлерінің қошеметіне бөленді. Жалпы, Гүлбақыт Бақтыбаеваны әріптес­тері комедия жанрына келгенде қамшы сал­дыр­майтын актриса ретінде таниды. Үл­гілі, өнегелі, өнерлі отбасы ретінде ерекше құрметтейді. «Өскеменде қазақ театры құрылғаннан бері Гүлбақытпен қанаттаса еңбек етіп келеміз. Өмірлік серігі белгілі актер Қанат Ниязбеков те осы театрда жұмыс істейді. Актрисаның ерекшелігі сол, үнемі шығармашылық ізденісте жүреді.

Оның еңбекқорлығына, ізденісіне тәнтіміз. Осыдан бірер жыл бұрын Қырғызстанда үлкен театр фестивалі болды. Біз Жеңішгүл Өзбекованың «Толғақ» спектаклін апардық. Мен Ұмай ененің, ол менің келінім рөлінде ойнады. Сол байқауда біз бірінші орынды иелендік. Гүлбақыт бала көтере алмай, науқастанған, өмірден түңіліп, тіпті өзін-өзі өлімге қиюға дейін баратын келіншектің рөлін сомдады. Осы рөлде әріптесімді басқа бір қырынан танығандай болдым», дейді актрисаның әріптесі Сайраш Қопабаева.

Шара барысында актрисаны қазақ театрының көркемдік жетекшісі Сахан Әкелеев, жастар театрының көркемдік жетекшісі Айдын Салбанов пен театрдың орыс труппасының ұжымы құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

 

 

 Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

 ӨСКЕМЕН