• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қараша, 2017

Елорданың «Сапаржай-Астана» автовокзалы сатылды

255 рет
көрсетілді

Астанада электронды сауда-саттықта «Сапаржай-Астана» ЖШС 1 млрд теңгеге сатылды.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында «Сапаржай-Астана» ЖШС 100% акциясын сату бойынша сауда болды.

Оның сатушысы «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ болды. Сауданы жүргізу формасы - бағаның өсіміне аукцион ұйымдастыру. Оған сәйкес бастапқы баға бұрыннан белгіленген кезең бойынша артып отырады да, ең жоғарғы бағаны ұсынған тұлға жеңімпаз атанады.